Ойыл ауданында 33 үйдің кілті табысталды. Салтанатты шараға қатысқан аудан әкімі Асқар Қазыбаев тұрғындарды көптен күткен қуанышты сәтпен құттықтады. Жаңа үйлер кезекте тұрған азаматтарға берілді. Арасында аз қамтылған отбасы, көпбалалы аналар бар. Тұрғындар мемлекет тарапынан жасалған бұл игі іске ризашылықтарын білдірді. Айтып өтейік, былтыр мыңнан астам адам баспаналы болды. Оның 800-ге жуығы кезегімен пәтер алды. 170-і «Бақытты отбасы», 55-і «Шаңырақ» бағдарламасының игілігін көрді.