Өңірге жұмыс сапарымен Мәжіліс депутаттары Жұлдыз Сүлейменова мен Қазыбек Әлішев келді. Депутаттар алдағы 1 аптада ақтөбеліктермен жүздесіп, Мәжіліс қабырғасында қабылданған заңдардың мән-маңызын, істеліп жатқан жұмыстардың жай-жапсарын айтады.
Сондай-ақ, еңбек ұжымдарымен кездесіп, елді толғандырып жүрген мәселелерді Үкімет назарына жеткізеді. Бүгін халық қалаулылары "Аманат" партиясының ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізіп, түрлі мәселемен келген тұрғындардың өтінішін тыңдады.