Жыл басынан бері цифрлық ақпараттық жүйені дамыту мақсатында облыс әкімдігі жанындағы "Жобалық кеңсе" қарқынды жұмыс істеп келеді. Мұндағы жауапты мамандар биылдан бастап "Битрикс" ақпараттық жүйесін қолға алған. Олар жаңа жүйенің көмегімен өңірдегі 205 жоспарлы жобаның уақытылы іске асуын бақылап отыр.