Бүгін қазақтың көрнекті жазушысы, ақын, қоғам және мемлекет қайраткері, Сәкен Сейфуллиннің туғанына-130 жыл толды. Атаулы датаға орай Сақтаған Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Сәкеннің сыршыл әлемі» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. 


Шара қонақтары жазушының өмірі мен шығармашылығы жөнінде оқырмандарға тың ақпараттарымен бөлісті. Сонымен қатар Сәкен Сейфуллин атындағы әдеби-мемориалдық мұражайында сақталған жазушы естеліктерінен бейне шолу көрсетілді. «Сәкеннің сыр сандығы» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.  


Айта кетейік, Сәкен Сейфуллин «Өткен күндер», «Домбыра», «Көкшетау», «Айша», «Жер қазғандар», «Тұрмыс толқынында» секілді поэзиялық және прозалық жинақтардың, «Тар жол тайғақ кешу» мемуарлық кітабының, «Бақыт жолына», «Қызыл сұңқарлар» пьесаларының авторы, шоқтығы биік туындыларымен танымал жазушы. 


Кітапхана қорында оның барлық туындысы сақтаулы тұр.