Адам папилломасына қарсы екпе салу жөнінде ақпараттық науқан жүріп жатыр. Мәселен №17 мектеп-гимназиясында дәрігерлер қауіпті вирустың жұғуы, асқыну факторларын ата-аналарға түсіндірді. Айта кету керек, адам папиллома вирусының асқынуынан жатыр мойнының обыры пайда болады. Ал бұл - онкологиялық аурулардың үштігіне кіретін аса қауіпті диагноз. Сондықтан індеттің алдын алудың жалғыз жолы ерте жастан вакцина алу дейді дәрігерлер.