Облыс алдағы жылыту маусымына 98 пайыз дайын. Бюджеттік органдар үшін де нормативтік отын қоры толықтай жинақталды. Оның ішінде 26 739 тонна көмір мен 1622 тонна дизель отыны бар. Сондай-ақ, коммуналдық жұмыстарға жауапты мекемелер жылыту маусымына сақадай сай. Ал аудан әкімдерінің мәліметінше, аймақ тұрғындарына әлі де 21 500 тонна тұрмыстық көмір қажет. Сондықтан құзырлы сала мамандарды қажетті отынды қай жерден алуға болатыны жөнінде кеңес берді.