Облыс аумағында 206 гидротехникалық құрылғы бар. Онда 600 миллион текше метрден астам су сақтау мүмкіндігі бар. 10-ы республикалық, 174-і коммуналдық ал 22 құрылғы жекенің қарамағында. Биыл республикалық қор есебінен бөлінген қаржыға 14 бөгет жөнделуде. Сондай-ақ, биыл облыс әкімнің қаулысына сәйкес гидротехникалық құрылғылардың жағдайын бақылайтын мекеме құрылды. Бақылау нәтижесінде өңірдегі 40 бөгеттің жайы қанағаттанарлықсыз деп танылды. Оның 15-іне биыл көктемгі су тасқыны кезінде зақым келген. Облыс аумағында 2028 жылға дейін 4 су қоймасын салу көзделген. Біреуі қала, үшеуі аудандарда салынады.