"АЭС салу - саясаттың тапсырысы" деу ойы саяз адамның пікірі". Осылай деген Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев: Бұл Үкіметке емес, елге қажеттіліктен туындаған шешім екенін айтты. Бүгін республикалық халықтық штаб мүшелері облыс жұртымен жүздесіп, АЭС құрылысына қатысты сұрақтарына жауап берді.