"Таза Қазақстан" жалпыхалықтық экологиялық акциясы аясында көшет егу жұмыстары жүріп жатыр. Әсіресе облыс орталығындағы көшелер мен кәсіпкерлік нысандарының маңында жұмыс қызу. Көшеттер жергілікті тәлімбақта күтіп бапталған. Айта кеткен жөн, күздегі маусымдық жұмыстар аясында қалада 1550 гектар аумаққа жасыл желек отырғызу жоспарда. Аудандардан бөлек 108 шалғай елдімекен үшін дендрожоспар құрылды. Бүгінде өңірде ағаштың 20 түрін өсіретін тоғыз орман шаруашылығы жұмыс істеп тұр.