Қытайлық инвестор цемент өндіретін зауыт салуға ниетті. Облыс әкімі Асхат Шахаров жоба жетекшісімен кездесіп, құрылыс жұмыстары мен өндірістің әлеуетін талқылады. Егер жоба іске асса, батыс өңірлерінің сұранысын қамтып қана қоймай, Орынбор, Самара облыстары және Башқұртстан нарығына шығуға мүмкіндік береді. Цемент зауыты Байғанин ауданының аумағында салынуы мүмкін. Инвестиция көлемі 96 млрд теңгеге жуықтайды. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжат әзірленіп жатыр. Құрылысты келер жылы жазда бастау жоспарланған.