Жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік пен қылмыс өршіп барады. Ең сорақысы соңы өліммен аяқталған оқиға да тіркелді. Сондықтан тәртіп сақшылары жыл басынан бастап рейдтік шараларды күшейте түсті. Небәрі 8 айдың қорытындысы бойынша кәмелет жасқа толмағандар арасында облыста 109 қылмыс тіркелген. Осы мақсатта полиция қызметкерлері мектеп оқушылары мен колледж студенттерін жиып, заң талаптарын түсіндірді. {