Бүгін күн суыды, бірақ "Жасыл ел" еңбек жасағының жұмысы тоқтаған жоқ. Табиғатқа жанашыр жастар бұл жолы Елек өзенінің бойын жинады.

Атап өтерлігі жастармен бірге "Жасыл ел" ардагерлері, яғни жасақ құрамында 15-20 жыл бұрын болғандар да арнайы келіп, сенбілікке қатысты. Бұл - ұрпақтар сабақтастығы.