Облыс әкімі Асхат Шахаров жол, теміржол, әуежай салуда тәжірибесі бар қытайлық компания өкілдерімен кездесті. Компания 2015 жылы құрылған. Кездесу барысында өңірдегі жол инфрақұрылымын жақсарту, жаңа технологияларды енгізу және инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Қытайлық құрылыс компаниясының президенті Чжоу Хайвэй тәжірибесі мен мүмкіндіктері туралы баяндап, аймақтың жол саласын дамытуға қызығушылық танытты. Өңір басшысы бұл серіктестік Ақтөбе облысының экономикалық дамуына және жолдардың сапасын арттыруға оң әсерін тигізетініне сенім білдірді. Тараптар алдағы уақытта бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін нақты қадамдар жасауға келісті.