Бүгін репродуктивті денсаулық апталығының екінші күні.Жоспарға сәйкес өңірдің білікті мамандары дәріс өткізді.

Шарада облыстың штаттан тыс бас балалар гинекологы, штаттан тыс бас мектеп дәрігері және әдістемелік орталықтың мамандары сөз сөйледі.

Бас балалар гинекологы жылына аймақ бойынша кәмелет жасқа толмаған 100-ден аса қыз жүкті болатынын, сондықтан жыныстық тәрбие берудің маңызды екенін атап өтті. Ал психологтар баланың “жеке шекарасы” тақырыбына тоқталды.