14 маусым- Дүниежүзілік донор күні. Биыл бұл атаулы күннің жарияланғанына 20 жыл толып отыр. Осыған орай облыстық қан орталығында "20 жыл өлшеусіз қуаныш" атты шара өтті. Тұрақты түрде қан тапсырып жүрген ақтөбеліктер шақырылды. Бірнеше жылдан бері донор болып жүргендердің айтуынша қан тапсырудың денсаулыққа зияны жоқ. Ал көңілге қуаныш сыйлайды. Себебі сіздің қаныңыз өзгенің өмірін аман алып қалуға себеп болады.