Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыру. Бүгінгі таңда еліміздің бірнеше өңірлерінде осы мақсатта кездесу өтіп жатыр.

Соның бірі аймақтағы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің оқу ғимаратында өтті. Шарада болашақ мамандарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу жолдары түсіндірілді.

Айта кеткен жөн, осы сарындағы отырыс өңірдің өзге де оқу орындарында жалғасын табады