Заречный елдімекені қала іргесінен бой көтерген алғашқы тұрғын үй алаптарының бірі. Бірақ осы уақытқа дейін жауыр болған жолдың жыры бітер емес. Өзге де өзекті проблемалар жетерлік. Бүгін Көктем, Балауса, Жібек жолы, Заречный-4, Мағаджан тұрғындарымен кездескен Алматы ауданының әкімі Рүстем Өтешов 2024 жылы атқарылған жұмыстарды баяндап, халықты толғандырған сауалдарға жауап берді.