Халықаралық “Operalia” жобасы аясында камералық музыка кеші өтті. Классикалық жыр жауһарлары төгілген ғажайып концерт Мәдениет саласының үздігі, концертмейстер Дина Ниязованың мерейтойына орайластырылған.
Музыка сүйер қауымға арналған бұл кеште Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармония солистерімен қатар, шетелден арнайы келген опера әншілері өнер көрсетті.