"Халық қатысатын бюджет" аясында орындалуы тиіс жұмыстар іске аспай тұр. Қалалық әкімдіктің дәл маңында орналасқан Қобландин көшесінің тұрғындары бұл жобаға белсене қатысқандарды бірі.
2023 жылы сол көшедегі аллеяны абаттандыру туралы ұсыныс жасады. Тұрғындардан дауыс жинап, жобаны комиссия қажет деп таныды.
Алайда екі жыл өтсе де атқарылған іс жоқ.