Көзге көп көріне бермейтін, бірақ оларсыз халықтың тұрмыс-тіршілігін елестетуге болмайтын мамандықтар бар. Олардың бірі – темір ұстасы. Асқан шеберлік пен қажырлы еңбекті қажет ететін бұл мамандық иелерін – нағыз еңбек адамдары деп айтуға болады. Әріптесім Ботакөз Сахитжанова 30 жылын осы мамандыққа арнаған азаматтың жұмысымен танысып келді.