Облыстық көпсалалы балалар ауруханасының емхана бөлімінде мерекеге орай ашық есік күні өтті. Бұл күні кішкентай емделушілер жолдамасыз бір мезетте бірнеше маманның қабылдауына кіруге мүмкіндік алды. Екі күн бойы емханаға келушілерді облыстың ең үздік профессор - дәрігерлері қабылдайтын болады.