Қобда ауылында 102 үй салынады. Бұл сан алдағы уақытта көбеюі мүмкін. Жаңа үйлер салу үшін жер учаскелері таңдалды. Бүгінде қазық қағу жұмыстары жүріп жатыр. Құрылысқа жауапты мердігерлер де дайын. Жұмысты жылдамдату үшін алдағы уақытта мердігерлердің қатары тағы да толығады.