Өңірде мектеп оқушылары арасында тоғызқұмалақтан жарыс басталды. Әзірге кіл мықтыдан, шын мықтыны анықтау үшін іріктеу кезеңі өтіп жатыр. Тартысты ойынға 8 мектептің оқушылары таңдалған. Бүгін арнамыздың түсірілім тобы Мақсот Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп пен №6, 8,14 мектеп оқушыларының ойынына куә болды.