Қыстың сары аязында жұмысын тоқтатпағандар жетерлік. Полиция, төтенше жағдайлар қызметкерлерінің атқарған шаруасы ел есінде. Алғыс айтылды, қошемет көрсетілді.

Дегенмен, еңбегін ел ескере бермейтін тағы бір сала мамандары бар. Ол - жол қызметкерлері. Жолаушыға жағдай жасайтын жұмысшылармен арнамыздың түсірілім тобы тілдесіп келді.