Облыста экологиялық проблемаларды кешенді шешу жөніндегі Жол картасы бекітілді. Оның ішінде «Көкжиде» кен орнындағы жерасты суларын сақтау жұмысы бар. Қазір мұнда 5 компания қалды. Келісім бойынша 2032 жылға дейін көмірсутек шикізатын барлау және өндіру жұмысы кезең-кезеңімен тоқтатылады. Экология департаментінің басшысы Ербол Қуановтың айтуынша, Жол картасында 44 іс-шара жоспарланған. Оның 17-сі жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады. Облыс әкімі Асхат Шахаров экология саласындағы барлық сарапшыларды, экобелсенділерді жұмыс процесінің қажеттілігіне қарай тартуды тапсырды.