Ақтөбе автожол колледжінде әкелер мектебі бар. Оған 11 адам мүше. Кеше мектептің кезекті отырысы өтті. Отбасыдағы әкенің міндеттері, ер баланы тәрбиелеудегі ерекшеліктер, балаға әдет-ғұрыптарды ерте жастан үйрету мәселесі талқыланды. Шараға "Қазақстан әкелері" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы қатыcып, отбасыға көңіл бөлу мәселесін көтерді.