Хромтауда "Еркелей аққан Ор өзені" атты дәстүрлі ән байқауы биыл Республикалық деңгейде өтті. Өнер додасына Батыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда облыстарымен қатар Ақтөбенің өнерпаздары қатысты. "Еркелей аққан Ор өзені" кітабының авторы Қызмет Нұралиннің ұрпақтары қонақ ретінде арнайы шақырылды.
Қатысушылардың өнерін "Екі езу" сатира театрының директоры Нұрлыбек Жұбатқан, белгілі әнші, сазгер Сейсен Айтжанов сынды өнер майталмандары бағалады. Байқау жеңімпаздары диплом және ақшалай сертификаттарға ие болды.