2024 жылы аймақта 92 миллиард теңгеге жол салу, жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 486 шақырым жергілікті жолда 91 жоба жүзеге аспақ. Қалаішілік көшелерге қоса оның арасында Оңтүстік-Батыс 1, Оңтүстік-Батыс 2, Астана, Кірпішті, Қызылжар-3 тұрғын алаптарының асфальты бар. Ал республикалық маңызы бар 6 жоба қолға алынады.