Ал, облыстық индустриялық - инновациялық даму басқармасының басшысы лауазымына Асқар Әбішев тағайындалды.
 Асқар Тыныштықұлы 1983 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген, білімі жоғары. Еңбек жолын 2000 жылы Ақтөбе облысының Ішкі істер департаментінің аға жедел уәкілі болып бастаған.Әр жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің бас консультанты, сектор меңгерушісі болып жұмыс істеген. Алматы қаласының Бостандық ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет еткен. 2021 жылдың қазан айынан бастап 2023 жылдың қазан айы аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының инспекторы болып қызмет еткен.