"Парасат майданының суреткері". Сақтаған Бәйішев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада дөңгелек үстел өтті. Жиында жазушы Төлен Әбдіктің шығармалары талқыланды. Қаламгердің еңбектері жайлы пікір білдіру үшін қостанайлық мамандар да дөңгелек үстелге онлайн қатысты. Жастар да талқылауларды тыңдап, шығармалардан ой түйді.