"Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының" өңірдегі филиалы жыл басынан бері 900-ден астам тексеру жүргізді. Жол құрылыс материалдарының үш мыңнан астам сынамасы алынды. Сараптама қорытындысы бойынша олардың 800-ге жуығы талаптарға сай келмеді. Сәйкесінше қабылданбады. Бүгінде олардың 100-ден астамы ғана түзетілген- дейді мамандар. Мәселен, облыстық маңызы бар нысандардың бірінде жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес асфальт-бетон жабынының төменгі қабатының қалыңдығы 8 сантиметр болуы керек еді, алайда мердігерлер тек 6 сантиметр етіп төсеген.