Облыста аудан әкімдерін сайлау таңғы сағат 7-де басталды. Өңір бойынша үш ауданда барлығы 79 сайлау учаскесі тіркелген.
Бүгін Ырғыз, Қобда, Ойыл халқы өз таңдауы жасап жатыр. Кандидаттардың ең жасы 38-де болса, ең үлкені 61-де. Орташа жасы - 48 жас.
Барлығы 9 кандидаттың үшеуі саяси партия арқылы, өзгесі өзін-өзі ұсынған.