Ақтөбе республикалық маңызы бар жолдардың қысқы күтіміне дайын. Жауапты мамандар осылай деп сендірді. Жылдағыдай емес, биыл инертті материалдың да, техниканың да санын арттырамыз деп отыр. Былтырғы қателіктер орын алмас үшін, қауіпті аймақтарды ерте бастан назарға алып отырғандарын жеткізді.