Қыс басталғанда әр әлеуметтік нысан, әр үй жылымен қамтылуы тиіс. Бұған әкімдік қана емес, тұрғындардың өздері де жауапты. Сондықтан қазір құбыр ауыстыру, жаңасын салу жұмыстары аяқталып қалды. Жылу қазандықтары болса дайын тұр. Әкімдікте өткен жиында денсаулық сақтау, білім беру мекемелеріндегі өзекті мәселелер те айтылды. Тіпті қала маңындағы қоқысты жинау тапсырмасы назардан тыс қалмады.