Ырғызда ауданында өңірдегі әнші, термешілер бас қосты. Қызылорда, Қостанай, Астана қаласынан арнайы келген талапкер де бар. Олар «Аймақты әнмен тербетіп...» республикалық өнер бәйгесінде бақ сынап, өзара үздікті анықтады.
Екі күнге созылған байқаудың соңында эстрада жұлдыздары ән салды. Қазылар алқасының шешімімен эстрада жанры бойынша ырғыздық талантты әнші Сұлтан Кеңшілік бас жүлдеге ие болды.
Ал, дәстүрлі ән жанры бойынша қызылордалық Марат Сүгірбай жеңімпаз болып танылды. Айта кетейік, «Аймақты әнмен тербетіп...» республикалық өнер байқауы 25 жылдан бері ұйымдастырылып келеді