Ахтанов алаңы!

Осындай атаумен аймақта қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Қазақстанның халық жазушысы, жерлесіміз -Тахауи Ахтановтың 100 жылдық мерейтойына арналған республикалық
театр форумының ашылу салтанаты өтті.
Шараға еліміздің әр түкпірінен 100-ден астам қатысушы өтініш білдірген. Олардың ішінен талапқа сай келген 60-ы ғана іріктеліп алынды. Енді үміткерлер театр саласындағы кәсіпқой мамандармен бірге 6 бағыт бойынша шеберлігін шыңдайды.{