Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану арқылы тұрғын үй мәселесін шешуге болады. Білім саласын да көптеген өзгеріс күтіп тұр. «Жайлы мектеп» жобасы аясында елімізде 400-ге жуық жаңа білім ошағы салынбақ. Біздің облыста 18 жаңа мектептің 14-інде биыл құрылыс басталады. Бұл туралы облыстық полиция департаменті жанындағы консультативтік кеңесші органның төрағасы Сәния Қалдығұлова айтты.

Президент Жолдауын түсіндіру тобы Мәртөкке барып, құқық қорғаушылармен кездесті. Топтың құрамында облыстық қоғамдық кеңестің мүшелері Әшім Қали мен «Ақтөбе Медиа» серіктестігінің директоры Раукен Отыншин бар. Кездесуде полиция қызметкерлері өз пікірін ортаға салып, Жолдау туралы ойын бөлісті.