Таразда Қазақстан мен Қырғызстанның Үкімет басшылары кездесті. Өңіраралық ынтымақтастық форумына облыс әкімі Асхат Шахаров та қатысты. Пленарлық отырыс аясында Ақтөбе мен Қырғызстанның Жалал-Абад облысы арасында меморандум жасалды.
Меморандум өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және энергетика, тау-кен өндіру, өңдеу, тоқыма, химия, тамақ салаларында бірлескен өнеркәсіптік қызметті іске асыруға бағытталған. Сондай-ақ сауда-өнеркәсіп палаталары арасындағы ынтымақтастықты дамытып, кәсіпкерлер арасында байланыс орнатуды көздейді. Екі тарап туризм, экскурсиялық және көрме-жәрмеңке қызметі саласындағы ұйымдар арасындағы іскерлік байланысты дамытуға да мүдделі.