ҚАЗАННАН БАСТАП ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛУ БАСТАЛАДЫ 25.09.2023 16:40 Күз келіп, күн суытқанда тұмау күш ала бастайды. Жөтелді елемей, уақытында емдемесеңіз, түрлі асқынуға соқтыруы ғажап емес. Ал мамандар аурудың алдын алу үшін тұмауға қарсы екпе алуға шақырады.