Мәртөкте биыл егін түсімі жылдағыдан біршама төмен. Оған күн райының қолайсыздығы себеп. Жазы ыстық, күзі жаңбырлы болған диқандар үшін шығын айтарлықтай көп. Былтыр күзде бидайды 15 центнерден жиған шаруалар биыл түсім 7ге де жетпей қалды деп отыр. Ал, қиын-қыстау сәтте жергілікті билік демеу болып, жанар-жағар майды қолжетімді бағамен ұсынып отырмыз дейді.