Ақтөбелік шабандоздар мәреге екінші болып келіп, 16 млн теңгеге ие болды. Бұл - "Ұлы дала жорығы - 2023" марафон-бәйгесінің нәтижесі. Жерлестеріміз 14 кезеңнен сүрінбей өтті. Туған жерге оралған ұлттық спорт клубының бас бапкері мен жеңімпаз шабандоздар дүбірлі дода жайлы айтып берді. Тақырыпты әріптесім Эльмира Көшекбай тарқатады.