"Ахтанов алаңы". Өңірде заңғар жазушы, драматург Тахауи Ахтановтың туғанына 100 жыл толуына орай республикалық форум өткізілмек. Форум аясында кәсіпқой мамандар режиссура, хореография, сценография, сахналық костюм суретшісі, актер шеберлігі бағыттары бойынша шеберлік сағаттарын ұйымдастырады. Бүгінде шараға қатысуға 60-тан аса қатысушы мүмкіндік алды. Мерейтой драматургтің шығармашылығына арналған концерт-спектакльмен жалғасын таппақ.