Кеше кешкілік қаладағы дөңгелек жөндеу орындарының бірінің ауласынан өрт шықты. Сол маңдағы қоқыс жанып, қызыл жалын әжетхана мен трансформаторға ауысқан. Тілсіз жау 50 шаршы метр аумақты жалмап үлгерген. Трансформатордың жанып кетуіне байланысты қазір саяжайдағы үйлердің біраз бөлігі жарықсыз қалып отыр. Өрт дереу сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Шығу себептері анықталуда.