Мектеп, аурухана, мәдениет үйі құрылысы. Осы бағытта "Аманат" партиясының "Халықпен бірге!" жобасы аясында Жол картасы жасалып, іске асырылып жатыр. Өңірде 22 білім ордасының құрылысы жүріп жатқаны белгілі. Ал 10 мектепте күрделі жөндеу жұмысы атқарылды. Ауыл мектептерінің әлеуетін көтеру үшін арнайы кабинеттер жасақталды. Партияның фракция отырысында еңбек қауіпсіздігі мәселесі де қаралды.