Өңірде медиаторларға арнап үш күндік семинар ұйымдастырылды. Бұл жолы этномедиация тақырыбы таңдалған. Көп ұлт мекендеген еліміз үшін мұның маңызы зор. Келіссөздер жүргізудің қыр-сырын меңгергендер арасында мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлері, өзге ұлт өкілдері де бар. Айтып өтейік, өңірдегі барлық ауданда медиаторлар жұмыс істейді. Алдағы уақытта ірі кәсіпорындарда да ашу жоспарда бар.