Өңірде 3 үш ауысымды және 2 апатты мектептің мәселесі шешіледі. Бұл туралы Асхат Шахаров пен «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Мәулен Айманбетовтің кездесуінен соң белгілі болды. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында барлығы 18 мектеп салынады. Оның 13-і қалада.


Құрылыс учаскелерін тексеру қорытындысы бойынша жұмыс қарқынын арттыру, жұмылдырылған жұмысшылар мен техникалар санын көбейту тапсырылды. Сондай-ақ білім ордасына кірер жол, автотұрақтар салу алдын ала ескеріледі. Айта кетейік «Жайлы мектеп» жобасы аясында бой көтеретін 14900 орындық мектептің 14-і 2024 жылы, төртеуі 2025 жылы пайдалануға беріледі.