Қаланың экологиялық ахуалын нашарлатып, біраздан бері тұрғындардың арыз-шағымына айналған қоқыс полигоны жақын уақыттары толықтай жабылады. Жуырда жаңадан салынған полигон қолданысқа берілмек. Сала мамандары өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды баяндады.