Жаз басталысымен демалыс орындарына барып, бос уақытын тиімді өткізгісі келетіндердің саны артты. Басым көпшілігі көрпесіне қарай көсіліп, қалтасындағы қаражатын үнемдегісі келеді.
Осындай оймен тұрғындар қажетті тағамды төмен бағада сатып алып, өзімен бірге әкеліп жатады. Бірақ, келушілердің мұндай әрекетіне демалыс орындарының қожайындары қарсы. Кейбірі айыппұл да төлетуі мүмкін. Сөйтіп, тұтынушылар қалтасындағы қаражатынан қағылады. Мұндай жағдайда азаматтар сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне шағымдана алады