Шалқарлықтар үш жүздің батыры - Жолдыаяқ Тілеуұлын еске алды. Айтулы шарада Қожа Ахмет Ясауидың 930 жылдығы да аталып өтті. Өйткені сонау Сайрам шайқасында ерлігімен көзге түсіп, ұрыс алаңында бақилық болған батырдың мүрдесі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі жанына жерленген. Өңірлік тарихшылар мен ғалымдар, қоғам қайраткерлері бас қосқан шарадан ұлық бабаның ұрпақтары да қалыс қалмады.