Қала шетіндегі қоқыс полигонында өрт әлі күнге дейін толық сөндірілмеді. Экологтар бүгін санитарлық-қорғау аймағында атмосфералық ауаның сапасын өлшеді. Бұған дейін, көрсеткіштерге сәйкес бейорганикалық шаң мен күкіртсутектің артық мөлшері бар екені анықталған еді, дәл бүгінгі сынамадан ондай байқалған жоқ деді мамандар.


Естеріңізге сала кетейік, өткен аптадан бастап қалалық полигонда тұрмыстық қатты қалдық өртенді. 1500 шаршы метр аумақты қамтыған өртті сөндіру үшін құм төселді. Бірақ қоқыстың түтеуі әлі де жалғасуда, деп хабарлады экологтар. Сондықтан олар күн сайын ауа сапасына өлшеп отыр